KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде ардагерлер ұйымдары арасында фестиваль өтеді

Фото: Шартты сурет

11.04.2023, 14:24 215

Өскеменде қаланың бастауыш ардагерлер ұйымдарының көркемөнерпаздар ұжымдары арасында фестиваль өтеді. Фестиваль Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған.
Бастауыш ардагерлер ұйымдарының көркемөнерпаздар ұжымдары құрмет дипломдары және ақшалай сертификаттармен марапатталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Мәдени, тарихи мұраны сақтау, дамыту және арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру, егде жастағы адамдардың шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында өтетін шарада қатысушылар бірнеше өнер түрі бойынша концерттік бағдарлама сахналайды. 
Өтінімдер "Вокал" (12 адамға дейінгі ансамбльдер, жеке орындау); "Хор әні"; "Поэтикалық оқу"; "Аспаптық орындау" (домбыра, қобыз, баян, гитара, гармонь, балалайка және т.б.) сынды номинациялар бойынша қабылданады. Концерттік бағдарламаның ұзақтығы 30 минут. 
Өтінімдер мен бағдарламалар 20 сәуірге дейін қабылданады. Бағдарламада ұсынылатын концерттік нөмірлердің жанры мен музыка авторлары көрсетілу керек. Қазақстандық патриотизмді дәріптейтін патриоттық әндерге, жергілікті авторлардың шығармаларына ерекше назар аударған жөн. Қатысушылар мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілетін тұтас тақырыптық, көпжанрлы концерттік бағдарламаларды ұсынуы тиіс. 
Гала-концерт 5 мамырда облыстық Достық үйінде (ДКМ) өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 87013668097 (қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары); 87054441456 (мәдениет және спорт жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы); 87775795296 (мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив