Өскеменде 24-26 мамыр аралығында «Қазақтың киіз үйі» фестивалі өтеді
24, 25, 26 мамыр күндері Өскеменнің Ипподромындағы Киіз үйлер қалашығында «Қазақтың киіз үйі» атты фестиваль өтетінін хабарлайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Аталмыш фестиваль Астана қаласының 20 жылдығына арналған және облыс әкімінің жүлдесі үшін өтетін XXI халықтық спорт ойындары Спартакиадасы шеңберінде өтеді.
«Қазақтың киіз үйі» фестивалі барысында 24, 25, 26 мамыры күндері облыстың барлық қаласы мен аудандарынан келген көркемөнерпаздар әртүрлі салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіп, орталық сахнада арнайы концерт береді.
«Қазақтың киіз үйі» фестивалінде қазақ халқының тұрмыста тұтынған бірегей ұлттық бұйымдары, жиһаздары мен ыдыстары, ұлттық киім үлгілері, зергерлік бұйымдар түрлері, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлерінің элементтері енетін ұлттық рәсім қойылымдары ұйымдастырылады.
Концерттік бағдарламада облыс қалалары мен аудандарының өңірге белгілі ұжымдары мен жекелеген орындаушылар өнер көрсетеді.