KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,8 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

«Мен кәсіпкер». Бұл қандай жоба?

Фото: Шартты сурет

14.04.2023, 15:35 361

«Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту жобасы аясында кәсіпкерлерге 2 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралы 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асады. 
Жобада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен шағын және орта бизнесті дамытуға үйлестірілген екі бағыт бойынша жәрдем көрсету көзделген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
ШҚО КП Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары арқылы 17 жастан асқан кәсіпкер қыз-келіншектер мен өз бастамасын ұсынған әйелдерге арналған бірінші бағыт бойынша бірқатар қызметтер көрсетіледі. Кәсіпкерлерге кеңес беру, кәсіптік,бизнес және дәстүрлі қолөнер түрлерін оқытуды ұйымдастыру, менторлық қызмет, қаржыландыру (краудинвестинг, грант, инвестиция), оқыту, халықаралық жобаларға қатысуға жәрдемдесу, бизнеске талдау жүргізу сынды көмек түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жергілікті шикізаттан жасалған өнімдер танымалдылығын арттыру және әзірлеуге қатысты қолдау таба алады. 
«Кәсіпкер бағыт» бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне қажетті оқыту және бейіндік (кәсіптік) оқыту жүзеге асырылады. 
Толық ақпарат алу үшін ШҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына жүгінуге болады. 
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Әуезов көшесі, 26/1
Байланыс нөмірі: 8 (7232) 74-21-07; 8-777-411-54-01; 8-705-701-40-11

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив