KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 9 адам бруцеллез жұқтырды

шартты сурет

18.04.2023, 15:22 270 Оразай Жеңісұлы

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстанда тоғыз адам бруцеллез жұқтырған.

Дегенмен өңірде ауру өршіп тұрған жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандардың пікірінше, қала тұрғындары ауруды рұқсат етілмеген жерлерден сатып алынған өнімнен жұқтыруы мүмкін. Ал ауылдықтарға ауру малдан жұғуы ықтимал.

Ал облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы биыл ондаған мал тексеруден өткізілгенін мәлімдеді.

– Бруцеллез бойынша бес жағдай тіркелді: Күршімде – үшеу, Ұлан ауданында – біреу, Катонқарағай ауданында – біреу. Аурудың таралуын шектеу үшін ірі қара малды сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу