ШҚО-да республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектеледі
«ҚАЖсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мәліметіне сәйкес, 21 желтоқсан күні сағат 10:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты, яғни, боран, қатты жел, көктайғақ салдарынан жолаушылар автобустары мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.
Қозғалыс шектеуі республикалық маңызы бар келесі автожолдардың учаскелерінде:
– «Өскемен – Семей» автожолы (10–103 шақырым, Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы);
– «Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолы (15–105 шақырым, Белоусовка кенті – Риддер қаласы).
Жол қозғалысына қатысушылардан қауіпсіздік талаптарын сақтауды, жолға шығар алдында ауа райы жағдайын және қозғалыс шектеулері туралы ресми ақпаратты алдын ала нақтылауды сұраймыз.