ШҚО-да ауыл шаруашылығын субсидиялауға қанша қаражат бөлінді?
ШҚО-да инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісіне келтірілген шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға биыл 8,7 млрд теңге бөлініпті.
Инвестициялық субсидиялау бойынша өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, бүгінгі таңда "GOSAGRO.KZ" cубсидиялаудың жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйесіне көшуге және жүйеде бар кемшіліктерге байланысты 2023 жылдың наурыз айында игерудің жоспарланған сомасы 266,0 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ басқарма осы бағдарлама бойынша қаражат тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтініштер түспегенін хабарлады.