Алты қаланың екеуінде ғана жаңартылған бас жоспар бар – ШҚО

Фото: ашық дереккөзден
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына сәйкес, облыс қалаларының (Өскемен, Риддер, Алтай, Серебрянск, Зайсан, Шемонаиха) аумағында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің (сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар жер учаскесін беру) аймақтық геоақпараттық жүйесі (АГАЖ) арқылы электронды түрде жаңа тәртібі көзделген.
Қызмет көрсету кезіндегі негізгі құжаттардың бірі – қаланың бас жоспары болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Алайда аймақтағы 6 қаланың ішінде тек екеуінде ғана (Өскемен, Зайсан) жаңартылған бас жоспар бар. Біреуінде (Риддер) жұмыстар жүргізіліп жатса, қалған үш қаланың бас жоспары (Алтай, Серебрянск, Шемонаиха) түзетуді қажет етіп тұр.