KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность Штиль
480.5 534.22 5.18

Шығыста ситуациялық орталық жұмыс істеп тұр

29.11.2019, 03:16 168

Облыста қызметтер мен салаларды цифрландыру батыл қолға алынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақта ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталық құрылып, тәжірибе ретінде іске қосылған. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда қалаларындағы орталықтардан оны ерекшелейтіні сол – жол қозғалысының, көліктердің, әлеуметтік нысандардың, төтенше және коммуналдық қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық ақпараттық жүйелердің, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған геоақпараттық жүйелердің ведомствоаралық өзара іс-әрекетіне деген бірыңғай амал-тәсілдердің қолданылуы.

Оның құрамына ситуациялық және инвестициялық орталықтар, жедел ақпарат орталығы («Сергек», қоғамдық тәртіп – бейнебақылау), «109» апаттық-коммуналдық қызметі, 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі (БКДҚ) енеді.

60 кейс пен 3 мың салалық көрсеткіштің жұмысы үшін сыртқы жүйелермен 20-дан астам интеграция жүргізілген, жинақтау алгоритмі құрылған.

Атап өтерлігі, 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі және 109 қызметі іске қосылған сәттен бері 23 мың қоңырау қабылданып, 7 мың құқық бұзушылық тіркелген.

Сонымен қатар аймақта өтінімдерді қабылдау және өңдеу бойынша қолданыстағы барлық сервистерді интеграциялаудың бірыңғай тұғырнамасы жұмыс істейді. 15 тамыздан бері тұғырнамаға өтінім берушілерді СМС-құлақтандыру арқылы сапаны бағалаудың кері байланыс сервисі енгізілген. Ол азаматтардың жауап сапасына қанағаттану және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі деңгейін арттыру үшін қажет. Тұрғындардың 95 пайызы жауап сапасына қанағаттанған.

Атап өтерлігі, «ақылды қалалардың» эталонды стандартына сәйкес Өскемен қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан кейінгі 3 орынды иеленеді.

2019 жылдың басынан бері облыс бойынша тұрғындарға барлығы 4,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде 3,8 миллион қызмет электрондық нұсқада көрсетілген, бұл 85 пайызды құрайды. «Ауыл шаруашылығы және арнайы техникаларды есепке алу» үрдісі автоматтандырылды. Жүйе арқылы 3 мыңдай өтінім өңделген.

Жер қатынастары саласында Өскемен мен Семей қалаларының инженерлік-коммуникативтік инфрақұрылымының 19 қабаты көрсетілген бос жер телімдерінің электронды картасы әзірленді. Жыл соңына дейін алты қаланың – Риддер, Аягөз, Шемонайха, Серебрянка, Зайсан, Алтай қалаларының карталары орналастырылатын болады. 2020 жылға дейін облыстағы барлық аудан орталықтары цифрланбақ.      

Білім саласында 647 ІТ-сынып ашылды. Автоматтандырылған тұғырнама арқылы балабақшаларға кезекке 22 мың бүлдіршін тұрғызылды, 21 мың оқушы 1 сыныпқа қабылданды.

Денсаулық сақтау саласында Интернетпен қамтылу, ауылдық фельдшерлік-акушерлік бекеттермен қоса есептегенде, 97 пайызды құрайды, компьютерлік техникамен қамтылу – 100 пайыз. «ДамуМед» медициналық жүйесімен қамтылу – 100 пайыз.

 Сонымен бірге, Семей қаласында қанатқақты режимде «Автобус» жолақысын электронды төлеу жүйесі жұмысын бастады. Дәл осындай жүйе 2020 жылы Өскемен қаласында да іске қосылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив