Өрт қауіпсіздігін ескермеген 7 адам жауапкершілікке тартылды – ШҚО
Фото: gov.kz
Қазіргі таңда облыстағы өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Осы уақытқа дейін тіркелген деректің көбі шөп пен қоқыстың тұтануы бойынша қабылданған. Олардың арасында ашық аумақ, саяжай аумағында және тұрғын үй секторында тіркелетіндердің үлесі басым. Мамандардың мәліметінше, бұның басты себебі – тұрғындардың өрт қаупін ескермеуі.
Осы себепті облыста өрттің алдын алу үшін арнайы мобильді топтар құрылып, олардың қызметі аясында қауіпсіздік ережесін ескермеген 7 адам анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мобильді топтардың қатарында өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полицейлер, орманшылар бар. Рейд кезінде топтар 7 адамды жауапқа тартқан. 6 адам – ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 410-бабы бойынша және 1 адам 336-бабы бойынша жауапқа тартылды.
ТЖД құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеу үшін ғарыш мониторингінің көмегімен қауіпті нүктелерді анықтайды. Өрт қаупі кезеңі басталғалы бері осындай 9 нүкте уақтылы анықталған.