KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, СШ
503.17 600.89 6.63

Айына 500 доллар төленетін сыйақы ұтқан қаламгермен кездесу – ШҚО

Фото: gov.kz

22.05.2023, 17:19 702

Өскемен қаласында А.Пушкин атындағы кітапханада «Күлпет» романының авторы Шархан Қазығұлмен кездесу өтті. Автор 2022 жылы «Меценат» әдеби сыйлығының алғашқы жеңімпазы атанды.

Әртүрлі жастағы азаматтар қатысқан кездесу барысында автор оқырмандармен кітап, шығармашылық, руханият сынды тақырыптарда ой алмасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Публицист, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романына туған жерге деген сүйіспеншілік, туған өлкенің қадірі арқау болған. Шығарма 10 ай көлемінде жазылған көрінеді. Автор «Меценат» әдеби сыйлығын жеңіп алып, ай сайын берілетін 500 доллар көлеміндегі өмірлік сыйақыға ие болды.  

                                                                                                          

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу