ШҚМУ мұғалімі «Алтын Қалам» республикалық әдеби байқауының жеңімпазы атанды
ШҚМУ мұғалімі «Алтын Қалам» республикалық әдеби байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Ольга Кувшинникова «Жылдың үздік поэзиясы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Алты аталым бойынша өткен байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Израиль, АҚШ, Молдова, Германия елдерінен 397 автор қатысыпты. Марапаттау рәсімі 29 қазанда Алматы қаласы, Ықылас атындағы халықтық музыкалық аспаптар мұражайында өтті.
Оқи отырыңыз