KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Студенттер мен оқушылар Білім басқармасының жұмысын тамашалады – ШҚО

Фото: egemen.kz

31.05.2023, 16:00 202

29 мамырда ШҚО білім басқармасы оқушылар, студенттер, түлектер, ардагер қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелері үшін «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды. Шара басқарманың қызметін таныстыру және мемлекеттік қызмет мерейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған.

Бұл жолғы акцияға мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Олар әр қызметкердің жеке жұмысы жайлы біліп, басқарманың бағыттары бойынша жұмыс қызметінің жай-жапсарымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жастар сұрақ-жауап алмасып, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы нақты ақпарат алды. Ол үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ШҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдері шақыртылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив