KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

8:30-да басталады... Мемлекеттік органдар жаңа жұмыс тәртібіне көшуі мүмкін

19.04.2019, 04:15 139

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмыс уақытының жаңа режиміне көшуде. Жаңа жоба оң нәтижелерін берер болса, басқа да мемлекеттік органдарға енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы агенттіктің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

 

– Ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінде жұмыс уақытының пилоттық режимі енгізіледі. Аталмыш бастама сынақтан сәтті өткен жағдайда, басқа да мемлекеттік органдарға да ұсынылуы мүмкін, – деді Арман Бердалин.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметкерлерінің жаңа жұмыс тәртібі:

 

Жұмыс күні 09.00-де емес, 08:30 басталады. Тиісінше, 17:30-да аяқталады. Бұрын мемлекеттік қызметкерлер жұмысын 18.30-да аяқтайтын.

 

Түскі ас жарты сағатқа қысқарып, бір сағат болады.

 

Айтып өткеніміздей, жаңа жоба оң нәтижелерін берер болса, басқа да мемлекеттік органдарға енгізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив