KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Қазанда археологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша жиын өтті – ШҚО

Фото: gov.kz

8.06.2023, 15:44 202

6 маусымда Татарстанның Қазан қаласында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын «Қазан Кремлі» мемлекеттік музей-қорығының ғимаратындағы дәрісханада ұйымдастырылған.

Дөңгелек үстел барысында «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасының шеңберінде атқарылған археологиялық зерттеулердің қорытындысы талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шараның мақсаты – ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Отырыста ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов сөз сөйлеп, профессор Зейнолла Самашев пен профессор Әбдеш Төлеубаев ШҚО аумағындағы қазба жұмыстары мен елеулі зерттеулер турасында баяндама жасады.

Сонымен қатар археологиялық зерттеулер, артефактілерді сақтау, қалыпқа келтіру саласында қызмет ететін екі ел мамандары тәжірибе алмасты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив