KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Оқушылар археологиялық зертхананы аралады – ШҚО

Фото: gov.kz

23.06.2023, 11:43 293

Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп 19-22 маусым аралығында «Киелі Алтайым – туған жерім» атты археологиялық жазғы мектеп ұйымдастырды.

Мектеп аясында жеткіншектер археологиялық зертхананы аралап, даладағы жәдігерлерді тамашалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Археологиялық мектеп – 2018 жылдан бастап оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне баулу, археологиялық зерттеулер әдістемесімен таныстыру, облыстың дарынды оқушыларын тарих және археология бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының сайыстарына дайындау, өскелең ұрпақты туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұрасын бағалауға тәрбиелеу мақсатында өткізіліп келе жатқан бірегей жоба.

Мектеп барысында республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми оқытушы-археологтары археология және өлкетану бойынша оқу-практикалық сабақ ұйымдастырды.

Қатысушылар үшін ғылыми-зерттеу және тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Жас зерттеушілер «Ақбауыр» кешенін аралап, кешен аумағындағы әртүрлі дәуірден қалған қорғандар, жартастағы суреттер, елді мекен қалдықтары, тас мүсіндер сияқты тарихи ескерткіштерді тамашалады. Сонымен қатар Қызылтас ескерткішіндегі археологиялық қазба жұмыстарын да көзбен көріп, үлес қосты.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу