ШҚУ: журналистика мамандығының қазақ бөлімі қалай ашылды?
Фото: studlife.kz
Шығыстағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да журналистика мамандығының қазақ бөлімі ашылғанына биыл тура 22 жыл толды.
22 жыл ішінде білім ордасы талай журналист мамандандарды даярлап шығарып, өңірдегі үлкен, басты шеберханаға айналды. Ал осы мамандықтың қазақ бөлімінің ашылуы өзі бүтін бір тарихи оқиға.
Бесеудің хатынан бастау алған бұл оқиға өңірдегі журналисттердің қолдауымен жалғасқан.Бесеудің хаты дегенде Сталинге жазған бесеуді ойлап отырған шығарсыз. Әсте мүлдем бөлек. Бұл бесеу - мамандықтың алғашқы түлектері. Бесеуі де бүгінгі таңда журналистиканың әр саласының үздіктері: Айнұр Омар, Серік Әбілхан, Дәурен Аллабергенұлы, Гүлжан Мұратханова, Анар Қасенова.