ШҚО-да көше жарығына 422,5 миллион теңге бөлінбек
![](/kz/uploads/posts/2023-07/1689590660_2020_04_10_20170608191208.webp)
Фото: ar.egemen.kz
Биыл көшелерді жарықтандыру жобаларына облыстық бюджеттен 422,5 миллион теңге бөлінеді.
"Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасының аясында облыстың бірқатар елді мекенінде көше жарығы орнатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық әкімдіктің дерегі бойынша, Глубокое ауданындағы 4 жобаға 150 млн теңге, Катонқарағай ауданындағы 3 жобаға 63,6 млн теңге, Күршім ауданында іске асырылатын 1 жобаға 7,5 млн теңге, Тарбағатай ауданындағы 1 жобаға 50 млн теңге, Алтай ауданында жоспарланған 4 жобаға 44,2 млн теңге, Ұлан ауданындағы 3 жобаға 28,2 млн теңге, Самар ауданында іске асатын 1 жобаға 45,3 млн теңге, Шемонаиха ауданындағы 1 жобаға 33,8 млн теңге қарастырылған. Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған барлық жоба биылғы қазан айына дейін аяқталуы тиіс.