KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, СБ
495.28 518.41 5.44

Зайсан ауданында газ тарту неге баяу жүріп жатыр?

21.07.2023, 10:01 564 Оразай Жеңісұлы

Зайсандағы 8 ауыл табиғи газбен қамтамасыз етілуі тиіс.

Зайсан ауданындағы елді мекендерге газ тарту жұмысы кешеуілдеп жатыр. Мұның басты себебі – мердігерлер арасындағы келіспеушілік, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы, Зайсандағы 8 ауыл табиғи газбен қамтамасыз етілуі тиіс еді. Қазір тек Дайыр ауылында газ құбырлары тартылып жатыр. Мұның өзі, ауылдықтардың айтуынша, тым баяу жүріп жатыр, мердігерлердің жұмысы да көңіл көншітпейді.

Зайсан ауданына жұмыс сапарымен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қордағы газ мөлшері елді мекендерді түгел қамтуға жетпей қалуы мүмкін екенін атап өтті.

– Аудандағы газ мәселесі өте өзекті тақырып. Алайда оны тарту барысында аздаған қиындықтар бар. Қордағы газ мөлшері ауданды толық қамтамасыз етуге жетпеуі мүмкін. Біз халықты алдамауымыз керек, шындықты айтқан жөн. Жоспар бойынша «Тарбағатай Мұнай» компаниясының басшыларымен кездесемін. Сонда газдың қанша уақытқа жететіні туралы толық анықтайтын боламын. Кезінде 10-15 жылға жетеді делінген. Қазір табиғи отынның қоры азайып кетті деген де сыбыс бар. Соның анық-қанығын кездесу барысында анықтайтын боламын, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу