KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Шешім қабылданды. Зайсанның Шілікті жағындағы ауылдарына да газ тартылады

30.01.2020, 04:38 136

Зайсан ауданының әкімі тұрғындар алдында есеп беруде. Жиын облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Зайсан ауданының әкімі Серік Ақтанов кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімдеді.

Айталық, өткен жылы аудандағы инвестиция көлемі 24 пайызға артқан. Шағын және орта бизнесте ілгерілеу байқалады. Сондай-ақ, аудан әкімі елді мекендерге газ тарту мәселесіне тоқталды.

Айтуынша, Зайсан ауданында тағы 8 елді мекен газбен қамтамасыз етілген, атқарылған жұмыстарға 200 миллион теңге жұмсалған.

- Ауылдарға газ тарту - аудандағы ең өзекті мәселенің бірі - дейді Серік Ақтанов.

Алайда Шілікті сынды таулы аймақтағы ауылдар әлі де кезек күтіп отыр. Облыс әкімімен кездескен тұрғындар осы мәселе төңірегінде өтініш-тілектерін жеткізді. Ал аймақ басшысы табан астында шешім қабылдады.

- Өте орынды мәселе. Аталған ауылдарға газ жеткізу үшін 50 миллион теңге бөлейік. Шешім қабылданды деп есептей беріңіздер, - деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив