KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
516.91 586.33 6.3

ШҚО-да 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

21.07.2023, 12:08 363

17-19 шілде аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Осы аралықта 248 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іс-шара кәмелетке толмағандарға алкоголь сусындарын, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында және үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау, әртүрлі сипаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.

Рейд барысында полицейлер кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқаны үшін 1 дүкен қызметкерін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдік ішуі және қоғамдық орында масайып жүруінің 11 фактісін және ұсақ бұзақылық бойынша 14 дерек анықтады.

Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені үшін 172 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1,2,3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Кәмелетке толмаған 20 бала мен балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін дұрыс атқармаған 17 ата-ана профилактикалық есепке қойылды. Сонымен қатар 12 бала КТБО-ға орналастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу