ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп басталды
Фото: ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
ШҚО-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп» өз жұмысын бастады.
30 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп» акциясы Өскемен қаласынан 25 шақырым жерде, Горная Ульбинка өзенінің жағасында, көркем және экологиялық таза жерде орналасқан «Дарын» лагерінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл акцияға ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері, аталған лагерь ұжымы және «Дарын» лагерінде демалып жатқан балалар белсене қатысқан.
Шара барысында «Саналы ұрпақ» клубының қатарына салтанатты түрде қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта плакаттар байқауы, флешмоб, викторина өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдар қойылды.
Айта кету керек, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталмыш акцияны бесінші жыл қатарынан мектеп оқушыларына және студенттерге арналған жазғы лагерьлерде ұйымдастырып келеді.