ҮМЗ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түсіндірілді – ШҚО
Фото: gov.kz
Үлбі металлургия зауытында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мамандар ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара барысында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенциясы басқармасының басшысы Архат Бейсембаев зауыт қызметкерлеріне баюдың заңсыз әдістерімен күрестің қыр-сыры туралы айтып берді.
Жиын соңында Архат Бейсембаев сұрақтарға жауап беріп, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 Call орталығының бірыңғай нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салды.