Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген екі қазақстандыққа сот үкімі шықты
Фото: egemen.kz
Оңтүстік Кореяға заңсыз кіріп, әуежайдан қашқан екі қазақстандыққа сот үкімі шықты.
Олар айыппұл төлеп, елге қайтатын болды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы олардың адвокаты Мейіржан Шекеев хабарлады.
"Бұл – Қазақстанның халықаралық тағы бір беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытылмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Айтар, жазар нәрселер өте көп. Бірақ әлі бітіретін шаруалар жетіп жатыр. Алла қаласа, амандықта жүздесейік", – деп жазды қорғаушы Instagram желісінде.
Еске салайық, наурыздың соңында екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз аяқ басқан еді.
Оқи отырыңыз
Президент Қазақстанның Израиль мен Оңтүстік Кореяға ұқсағанын қалайды20 маусымнан бастап Түркия, Қытай, Кореяға, Таиландқа рейстер қайта ашыладыСолтүстік Корея америкалық сарбаздың қамауға алынғанын растадыОңтүстік Кореяда жалданып жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың саны өсіп барадыШҚО-да 4 ағаш кескен тұрғын 40 мың теңге төлейтін болды