KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Солтүстік Корея америкалық сарбаздың қамауға алынғанын растады

Фото: egemen.kz

4.08.2023, 10:38 1 197

Корея түбегіндегі БҰҰ күштерінің қолбасшылығы хабарлағандай, Солтүстік Корея алғаш рет америкалық әскери қызметкер Трэвис Кингтің қамауда екенін растады.

Қатардағы жауынгер 18 шілдеде демилитаризацияланған аймаққа экскурсияға барып, сол жерде Солтүстік Корея шекарасын өз еркімен кесіп өткен, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

BBC агенттігінің дерегінше, Солтүстік Кореяның жауабы Пхеньянның келіссөзді бастауға дайын екенін білдіруі мүмкін.

Демилитаризацияланған аймақты бақылайтын БҰҰ қолбасшылығы бірлескен қауіпсіздік аймағында Солтүстік Корея армиясымен тікелей байланысқа шығып, қатардағы жауынгер Кинг туралы ақпарат сұратты.

  "Солтүстік Корея әскері қатардағы Кинг жайлы сұрағымызға жауап берді. Оны үйге қайтару жөніндегі келіссөзге кедергі болмас үшін жауаптың егжей-тегжейін айта алмаймыз", делінген мәлімдемеде.

Пхеньян бұған дейін сұрауды алғанын растаған, бірақ толыққанды жауап енді ғана келді.

Шекарадан өткенге дейін Кинг шабуыл жасады деген айыппен Оңтүстік Кореяда екі ай түрмеде отырды.

10 шілдеде түрмеден шыққан ол бірден АҚШ-қа ұшып кетуі керек еді, бірақ әуежайдан сытылып шығып кетіп, шекараға экскурсияға барды.

Трэвис Кинг – барлау маманы, 2021 жылдың қаңтарынан бері әскерде қызмет етіп жүр.

Оңтүстік Кореяда ротация аясында жұмыс істеді.

Демилитаризацияланған аймақ Солтүстік және Оңтүстік Кореяны екіге бөліп, тура ортасында жатыр.

Соңғы жылдары бірнеше Америка азаматы Солтүстік Кореяға заңсыз кірді.

Олардың көбі қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды қоспағанда алты ай ішінде босатылды.

Кингтің тұтқындалуы АҚШ президенті Джо Байден үшін сыртқы саясаттағы шиеленісті жағдайлардың бірі болып отыр.

Кинг – қазіргі уақытта Солтүстік Кореяда қамауда отырған жалғыз америкалық.

Сонымен бірге елге заңсыз кірген Оңтүстік Кореяның алты азаматы да қамауда отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив