KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да 10 мыңға жуық бала алғаш мектеп табалдырығын аттамақ

Фото: egemen.kz

1.09.2023, 09:00 248

Бүгін елдегі барлық мектепте алғашқы қоңырау сыңғыры естіліп, мыңдаған бала бірінші сынып партасына отырады.

ШҚО білім басқармасының дерегінше, биыл аймақта 9600 бала бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биылғы оқу жылында өңір бойынша 98 мыңнан астам оқушы білім алады. Өңірде барлығы 342 мектеп бар. Сонымен қатар жыл соңына дейін 2 мектеп қолданысқа беріледі. Қазіргі таңда «Жайлы мектеп» бағдарламасының аясында 7 мектептің құрылысы басталған көрінеді.

Биыл балаларды мектепке тасымалдау мәселесі де қаралған. Білім басқармасының басшысы осы мақсатта облыста жаңа 11 автобус сатып алынғанын мәлімдеді.

– Облыста 98 мыңнан астам оқушы бар. Оның ішінде бірінші сыныпқа баратын балалар саны 9600-ден астам. Ал колледж студенттерінің саны – 18 250. Биылғы оқу жылында бастауыш сыныпта оқитын 42 мың оқушы тегін тамақтанады. Ол үшін 1,7 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар қазір «Жайлы мектеп» жобасының аясында 7 мектептің құрылысы басталды, – дейді Инесса Чернышева.

Білім басқармасы ұсынған дерекке сүйенсек, облыс мектептерінде 12 102 мұғалім қызмет етеді.

              

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив