Елімізде 382 мың бала мектеп табалдырығын аттайды
Фото: baq.kz
1 қыркүйекте 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алады.
Жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 188 900 оқушы, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көбі Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген.
Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында байқалып отыр.
Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алады.
55 мың бала оқу жылын жаңа мектепте бастайды.
2023 жылдың соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.