KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 4 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Өскемендік құтқарушылар бетон тақтасына қысылып қалған күшікті құтқарып алды

Фото: gov.kz

4.09.2023, 10:25 210

Өскемен қаласында құтқарушылар жертөледегі бетон тақтаға қысылып қалған күшікті құтқарып алды.

Жаяу жүргінші Михаэлис көшесінен өтіп бара жатып күшіктің қыңсылап жатқанын естіген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнына жеткен ТЖ қызметкерлері жертөледегі бетон тақтаның арасына қысылып қалған күшікті байқаған. ШҚО ТЖД-ның мамандандырылған жасақ қызметкерлері арнайы құралдар арқылы бетон тақтада саңылау жасап, жануарды абайлап алып шықты.

ШҚО ТЖД дерегінше, күшікті құтқарушыларды шақырған азамат алып кеткен көрінеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив