KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Құтқарушылар да қарап отырған жоқ. Ағашқа "қонақтаған" бала, батареяға қысылған қол

1.02.2021, 10:06 297

ШҚО-да құтқарушылар тобы 2 баланы құтқарып қалды. Біріншісі, ағаштың басынан түсе алмай қалса, екінші баланың қолы батареяға қысылып қалған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бірінші оқиға Риддер қаласында. 15 жасар жасөспірім ағаштың басына шығып, қайтадан өздігінен түсе алмаған. Бір сағаттай «қонақтаған» балаға құтқарушылар тобы келіп көмектесті.

-              Иван ағаштың басына әткеншекті түзеу үшін шығып, өз бетінше қайта түсе алмаған. Құтқарушылар тобы баланы жерге түсіру үшін доңғалақты баспалдақтың көмегіне жүгінді. - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Екінші жағдай Семей қаласында тіркелді. 2009 жылғы бала демалыс базасына келе салысымен батареяға жылынбақ болғанда қолы темірдің арасына қысылып қалған. Ата-анасы баланы қолына шығара алмаған соң, құтқарушылар шақыруға мәжбүр болған.

-              Дереу оқиға орнына аттанған құтқарушылар тобы баланың қыстырылған қолын шығарып алды. Дәрігер балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетті, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Баланың шынтақ бөлігі ыстыққа күйіп қалған. Оған жедел жәрем қызметкерлері келіп көмек көрсетті. Алайда жәбірленуші аураханаға жатудан бас тартқан.

-              Мұндай оқиғалар ата-аналардың балаларын жиі қараусыз қалдыруынан орын алып жатады. Кез келген ата-ана өз балаларына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек, - деп қоса кетті ШҚО ТЖД қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу