KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да қос азаматтығы бар адам анықталып, ел аумағынан шығарылды

Фото: egemen.kz

6.09.2023, 17:32 200

Тамыз айының соңында ШҚО көші-қон қызметінің мамандары қос азаматтығы бар адамды анықтады.

40 жастағы облыс тұрғыны Қазақстан және Ресей азаматтығын алғанын құзырлы органдарға бес ай бойы хабарламай жүрген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Полицейлер Ханты-Мансийск автономиялық округінде тұратын әйел адам 2023 жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда Қазақстан заңнамасын бұзып, Қазақстанның ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелерге уақтылы хабарламағанын және Қазақстан азаматтығынан айыру бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтады. Ресей азаматынан ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді, Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Аталған тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша елден шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған ШҚО ПД ресми парақшасында.

ШҚО ПД дерегі бойынша, жыл басынан бері 400-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан бас тартқан. Олардың негізгі бөлігі – басқа мемлекеттің азаматтығын алған адамдар. Одан өзге, қос азаматтық үшін 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 19-ы шетел азаматтығын алғаны туралы уақтылы хабарламаған, 16-сы ҚР азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін пайдаланған.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу