Жол қозғалысы ережесін бұзған 3 мыңға жуық жүргізуші ұсталды – Өскемен
Фото: egemen.kz
Өскемен қаласында жол қозғалысын қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін «Қорғау» мобильді қосымшасы іске қосылған.
Өскемен қаласы ПБ дерегінше, осы қосымша арқылы жол қозғалысы ережесін бұзған 3 мыңға жуық жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қорғау» бағдарламасы арқылы ереже бұзған 3 мыңға жуық жүргізуші ұсталды.
"Сонымен қатар тәртіп сақшылары жалған нөмір белгілері бар 16 көлікті тоқтатқан. Одан өзге айыппұл бойынша қарызы бар 6 мыңға жуық жүргізуші анықталды. Нәтижесінде мыңнан астам көлік мамандандырылған тұраққа қойылды", – деп жазылған Өскемен қаласы ПБ ресми парақшасында.
Оқи отырыңыз