Зайсанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
2 қазанда Зайсан қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыда осал нысандарда түрлі сценарийлер пысықталады. Осыған байланысты қалада белгілі бір шектеу шаралары жүргізіледі. Мәселен көлік қозғалысына шектеу қойылады.
«Зайсан қаласының тұрғындары мен қонақтарының аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауын және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауын сұраймыз», - деп мәлімдеді облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Оқи отырыңыз