Алтай қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Бүгін Алтай қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.
Алтай аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұрайды.
Оқи отырыңыз