Астанада ШҚО-ның жәрмеңкесі өтіп жатыр
Бүгін Астана қаласында ШҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорданың базарына бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін, өсімдік майын, жарма, ет, балық, сүт, панта өнімдері мен ұлттық деликатестерді әкелді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының 9 ауданы мен қалалары Солтүстік Қазақстан облысының өндірушілерімен бірлесіп, 14-15 қазан аралығында екі күн бойы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өнімді нарықтық бағадан 15-20% - ға төмен бағамен сататын болады.
Жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық таза табиғи өнімдері елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.
Шығысқазақстандықтар елордаға 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімі, 8 тонна сүт өнімі, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 9 тонна балық, 29,8 тонна мал және құс еті, 4 тонна қымыз, 700 литр алкогольсіз сусындар, түрлі ұлттық бұйымдар және т.б. әкелді.