Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: egemen.kz
Қазгидромет синоптиктері 4-6 қараша аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады.
4-5 қарашада терең атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жаңбыр мен қар жауады, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Алайда 4 қараша күні циклонның соңынан батыстан антициклон бері қарай жылжиды.
Сол себептен түстен кейін жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температура төмендейді.
Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында -3-15 градусқа дейін, күндіз -3 градустан 8 градусқа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта -2 градустан 5 градусқа дейін, таулы аймақтарда -5-10 градус, күндіз 5-15 градусқа дейін төмендейді.
Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.