KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Алдағы үш күнде күн райы қалай құбылады?

Фото: egemen.kz

28.08.2023, 19:30 271

Қазгидромет синоптиктері 29 тамыз-1 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады, жаңбыр, сондай-ақ бұршақ та жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде байқалады.

Түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 градусқа дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында жылы болады.

Содан кейін 1 қыркүйекке қарай температура түнде 10-15 градусты, күндіз 20-25 градусты көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу