Биыл ШҚО-да бірде-бір дала өрті тіркелмеген
Фото: ken-zhyloi.kz
Биыл Шығыс Қазақстанда 77 орман өрті тіркелді. Өрт жалмаған орман алқабының аумағы 502,3 гектарды құрады.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Азамат Құмарбековтың хабарлауынша, өткен өрт қаупі жоғары маусымда тіркелген апаттардың дені таулы жерлерде болыпты. Яғни, өрт сөндірушілерге кәдімгі техника жете бермейтін тау-тасқа шығып, қызыл жалынмен арпалысуға тура келген екен.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша өрттен келтірілген залал мөлшері 35,5 миллион теңгені құраған.
Өңірде, жоғарыда айтқан, 77 орман өртінен бөлек, 492,5 гектар алқапты шарпыған 41 жанулар тіркеліпті. Есесіне, биыл бірде-бір дала өрті анықталған жоқ, дейді сала мамандары.