KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Шығыс Қазақстанда биыл орман өрті 41 пайызға артты

18.08.2020, 04:05 391

ШҚО ТЖД басшысының м.а. Дмитрий Титов Шығыс Қазақстандағы өрт қаупі кезеңі әлі аяқталмағанын атап өтті. Өкінішке қарай, орман өрттері 41 пайызға артты.

Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында орман мен АТЕҚ бөлімі басшысы Ердос Үмітов мәлім етті.

- Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 52 есеге көп. Биыл өрт маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстандағы мемлекеттік орман қорының аумағында 192 орман өрті тіркелді. Қызыл жалынның жалпы аумағы 4,560,74 гектарды құрайды, - деді Ердос Үмітов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының Бесқарағай ауданындағы Долон филиалы аумағында қызыл жалын тіркелген еді. Өрт салдарынан 3500 гектарға жуық орман алқабы өртенді.

Өрт тұтануының 90% найзағайдан болса, қалған 10% адамдардың отқа бейжай қарауынан туындап отыр. Шығыс Қазақстандағы мемлекеттік орман қорының аумағы 3,8 миллион гектарды құрайды. Биыл осы аумақты қорғау мақсатында тиісті шаралар жасалды. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында орман мен АТЕҚ бөлімі басшысы Ердос Үмітов мәлім етті.

Орманды қорғау мақсатында облыста 70 мобильді топ құрылды. Оның құрамында азаматтық қорғаныс, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен аудандық әкімдік өкілдері бар.

- 382-ден астам профилактикалық рейд жүргізіліп, 127 заңбұзушылық анықталды. Тәртіп бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол .

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО аумағында өрт қаупі кезеңі 1 қарашаға дейін жалғасады. Егер сіз өрт қаупін байқаған болсаңыз, 101 байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу