ШҚО-да жол ережесін бұзудың 121 мыңнан астам фактісі тіркелген
Фото: profit.kz
Ағымдағы жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында ШҚО-дағы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені 121 581 жол ережелерін бұзу фактісін тіркеген. Олардың 109 609-ы бойынша айыппұл өндіріліпті.
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Серікхан Нұртазиннің айтуынша, 2023 жылдың 10 айында жол қозғалысы қауіпсіздігі желісі бойынша 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының, сондай-ақ, жараланғандар мен қаза тапқандар санының едәуір азайғаны байқалған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Басқарма басшысы айтқандай, бүгінде «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесі облыс орталығын цифрландырудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазір Өскемен қаласының аумағында төрт мыңға жуық бейнекамера орнатылған. Олар тәулік бойы жолдар мен аулалардағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.