KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да жүк көлігі аударылып, екі адам қаза тапты

Шартты сурет: top-fon.com

16.11.2023, 20:40 159

Бүгін таңертең сағат 7.40 шамасында Стрижанск кенішіне жетпей 5 км жерде Риддер қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан жүк көлігі аударылды.

Жол апатынан ауыр жарақат алған екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігіне сәйкес (көлік құралын басқарушы адамның жолда жүру ережесін бұзуынан абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, тергеу амалдарының нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы, 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жариялауға жатпайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив