KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Катонқарағай тұрғынының қысқа жинаған 8 тонна шөбі өртеніп кетті

2.12.2023, 21:00 381 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысында өрт оқиғасы жиілеп тұр. Тілсіз жау әсіресе мал азығын жалмап барады. 

Катонқарағай ауылында Байғонақов көшесінде жеке тұрғын үй аумағында 8 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі 
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. 

- Өрттің себеп-салдарына отпен абайсыз жұмыс істеу немесе балалардың отпен ойнау нұсқасы қарастырып отыр.  ШҚО ТЖД, азаматтардан шөп сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды, - дейді төтеншеліктер. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу