ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды
![](/kz/uploads/posts/2023-12/4243234_0_0_3315_1864_2072x0_60_0_0_4b6e8009bc032acf4d398b67adbfe7ed.webp)
sputnik.kz
"Қазгидромет" ШҚ филиалы 3 және 4 желтоқсанда Шығыс Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдайдың болжамымен бөлісіп, дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің ақпараты бойынша, 3 желтоқсан күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қар күтіледі, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Ал 4 желтоқсанда тәулік бойы Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар жаууы ықтимал.
- 3 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, 4 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 3 желтоқсанда түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, 04 желтоқсанда облыстың басым бөлігінде жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді. 3-4 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болатын жел тұрады, - деп хабарлайды синоптиктер.
ШҚО ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Мүмкіндігінше елдімекеннен шықпай, төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.