KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Келер жылы Күршім ауданында 94 шақырым жол жөнделеді

Фото: otyrar.kz

13.12.2023, 12:21 101

Келер жылы Күршім ауданында жол жөндеуге 2,9 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр.

 

Жоспар бойынша 2024 жылы аудан аумағындағы 94 шақырым жол жөндеуден өтуге тиіс, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Қай жолдардың бірінші кезекте жөнделетінін аудан басшылығы жергілікті тұрғындармен ақылдаса отырып шешетін болады.

 

Сондай-ақ аудан орталығы Күршім ауылында кәріз жүйесін күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты аяқтау үшін 4 миллиард теңгеден астам қаржы қажет болып отыр. ШҚО әкімі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында Күршім ауылының тұрғыны Дәулетхан Тоқтыбаев осы мәселені алға тартып, өңір басшысынан қолдау сұрады.

 

Облыс әкімі қажетті қаражатты қарастыруға тапсырма берді және бұл мәселені назарына алатынын жеткізді.

 

Айта кетейік, 2024 жыл Шығыс Қазақстан облысында Жол жылы болып жарияланды. Келер жылы өңірде жолдарды жөндеуге және жол құрылысына бөлінетін қаржы екі есе көбейтіледі. Соның арқасында 600 шақырым жол мен көшелер ретке келтірілетін болады.

 

 

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив