Жаңа жылдан бастап "Өскемен-Зайсан-Өскемен" әуе бағытындағы ұшақ 4 рет ұшады
Өскемен мен Зайсан арасында аптасына 4 рет ұшақ ұшады.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- 2024 жылдың 5 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында "Өскемен-Зайсан-Өскемен" әуе бағыты бойынша 4 рейс жиілігімен, аптаның 3, 4, 5, 6 күндерінде орындалады, - деп хабарлады басқармадағылар.
Осы орайда айта кетейік, Өскемен 1-Алтай және Өскемен 1-Риддер теміржол маршруттары 2023 жылғы 29, 30, 31 желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес жүретін болады.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 27 желтоқсаннан бастап "Өскемен-Первомайский" тұрақты бағыты, Өскемен қаласынан сағат 11.00 және 16.30, Первомайский кентінен сағат 7.30 және 13.00 жөнелтіледі. Тарифтің құны – 1 400 теңге.