KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

Зайсанға аптасына 4 рет ұшақ ұшады

Фото: instagram/transportvko

29.12.2023, 20:03 165 Қызырбек Дүргінбайұлы

Жаңа жылдан бастап «Өскемен – Зайсан – Өскемен» әуе бағыты бойынша аптасына ұшақ 4 рейс ұшатын болады.

 

 Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Алыс аудандар арасындағы жол қатынас мәселесі біртіндеп оң шешімін тауып келеді. Алдағы 2024 жылдың 5 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында «Өскемен – Зайсан – Өскемен» әуе бағыты бойынша 4 рейс жиілігімен тікелей ұшақ қатынайтын болады. Ұшақ аптаның 3, 4, 5, 6 күндерінде ұшатын болады, – делінген басқарманың хабарламасында.

 

Сонымен қатар жүргіншілерге алдағы мереке қарсаңындағы теміржол маршруттарының кестесін де ұсына кетейік. Өскемен 1-Алтай және Өскемен 1-Риддер теміржол маршруттары 2023 жылғы 29, 30, 31 желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес жүретін болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив