ШҚО-да 11 бағыт бойынша жол жабық
Фото: dzen.ru
Бүгін ШҚО-да ауа райына байланысты тас жолдар жабылып жатыр.
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша облыс аумағындағы 5 республикалық маңызы бар және 6 облыстық маңызы бар тас жолда көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қозғалыс барлық көлік түрлері үшін жабық.
Республикалық маңызы бар тас жолдар:
1) сағат 13.00-ден бастап «Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» (15-123 шақырымы, Глубокое кенті – Шемонаиха – РФ шекарасы);
2) сағат 08.00-ден бастап «Алматы - Өскемен» (1013-1048 шақырымы, Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылына бұрылыс);
3) сағат 16.00-ден бастап «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай –Рахман қайнары» (6-166 шақырымы, Ушанов ауылы – Алтай қаласы; 420-450 шақырымы, Берел ауылы – Рахман қайнарлары шипажайы);
4) сағат 17.00-ден бастап «Өскемен - Семей» (10-103 шақырымы, Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы);
5) сағат 17.20-дан бастап «Өскемен– Риддер – РФ шекарасы» (15-105 шақырымы, Белоусовка кенті – Риддер қаласы).
Облыстық маңызы бар тас жолдар:
1) сағат 11.00-ден бастап «Дмитриевка – Бородулиха - Шемонаиха» (72-87 шақырымы, Шемонаиха – Абай облысының шекарасы);
2) сағат 16.00-ден бастап «Өскемен - Тарғын – Самар» (63 – 145 шақырымы, Тарғын – Самар);
3) сағат 16.00-ден бастап «Шемонаиха – Секисовка», (0 – 54 шақырымы);
4) сағат 16.00-ден бастап «Тарханка - Топиха» (3-12 шақырымы);
5) сағат 16.30-дан бастап «Өскемен – Тауыл Үлбі - Северное» (30-60 шақырымы);
6) сағат 16.30-дан бастап «Өскемен - Новотроицкое» (0-22 шақырымы).