KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО мектептерінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды

22.02.2024, 15:36 588 Ләззат Қанатқызы

Облыс мектептерінде ата-аналармен балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесін тереңірек қарасытру мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары құрылған.

Онда ата-аналарға семинар-практикумдар, тренинг, іскерлік ойындар мен  пікірталастар қолдана отырып сабақтар өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Педагогикалық қолдау бағдарламасы жылына сегіз сабақты қамтиды.

- Барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Облыстың барлық мектептерінде осы орталықты құру туралы бұйрықтар шығарылды, құрамы анықталды, жұмыс топтарының белгіленген отырыстары өткізілді. «Даналық мектебі» клубтары құрылды. Облыстың барлық мектептерінде ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеттері ашылды, - дейді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.

Аталған орталықта жұмыс істейтін мамандарды даярлау мақсатында адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының курстары ұйымдастырылған. Онда 342 облыс педагогтары (директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар және сынып жетекшілері) арнайы оқудан өтті.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу