KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО тұрғындары атақты «Айсұлу» операсын тамашалайды

26.02.2024, 18:40 731 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биыл көрнекті композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл. Қазақ музыка театры тарихындағы тұңғыш «Айсұлу» атты комедия операсын композитор осыдан тура 60 жыл бұрын жазған.

Композитордың 100 жылдығына орай Наурыз мейрамының қарсаңында «Ертіс концерттің» көрермендер залында «Айсұлу» операсының концерттік қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Айсұлу» операсының алғашқы премьерасы 1964 жылы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет  театрында өткен. Содан бері қаншама жылдар бойы сахна төрінен түспей келе жатқан қойылымды бұл жолы ШҚО тұрғындары тамашаламақ.

– Мен бұл қойылымға арнайы шақырумен келіп, қатысып жатырмын. Қойылымда «Серкенің» рөлін сомдаймын. Өте тамаша қойылым. Комедиялық опера Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай көрерменге жол тартқалы отыр. Барша Өскемен тұрғындарын қойылымды тамашалауға шақырамын, – дейді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық концерваториясының студенті Данияр Айтқожанов.

Операны қоюға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрі, Халық әртістері ағайынды Абдулиндер атындағы ШҚӨУ студенттік хоры, «Ертіс концерт» КМК солисттері мен арнайы шақырылған солисттер қатысады.

Қойылым Наурыз мерекесі қарсаңында көрермен назарына ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу