KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да «Аңыз» интернет порталы іске қосылды

26.02.2024, 19:23 250 Қызырбек Дүргінбайұлы

Руханияттың қара шаңырағына айналған Пушкин атындағы облыстық кітапхана https://anyz.pushkinlibrary.kz интернет порталын іске қосты.

Оқырманға жол тартқан «Аңыз» аты интернет порталдан өлкеміздің тарихы мен мәдениеті, аңыз-әңгімелері, жер-су атауларының шығу тарихы туралы ақпарат оқып, көрікті жерлерге виртуалды саяхат жасауға болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Туризм төрге озған заманда кез келген ресурс қолжетімді болуы керек. Сондықтан да портал бейімді дизайнмен компьютерде, планшетте, смартфон арқылы пайдалануға қолайлы етіп жасалған.

Порталдағы барлық материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

– Интернет-порталдың негізгі мақсаты – өлкеміздің рухани туындыларын, ата-бабаларымыздың табиғатпен байланысын, тарихи дүниетанымын, даналығын, адамгершілік мұраттары мен шығармашылық қиялын бейнелейтін халық ауыз шығармашылығын сақтау және дәріптеу. Сондықтан да оқырман қауымға бұл порталдың берері көп, – дейді кітапхана қызметкері Жансая Ашкенова.

Сондай-ақ портал арқылы Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды саяхат жасап, ежелгі «Ақ-Бауыр» киелі орнын тамашалап, Алтайдың ең биік шыңы – Мұзтауға саяхаттап, «Ырғызбай-ата» кесенесімен танысып, Қиын-Керіштің алаулаған шоқыларына «серуендеуге» болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу