KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО өзендерінде мұз жару жұмыстары жалғасуда

ШҚО ТЖД

17.03.2024, 21:00 93 Назерке Каримова

Малеевск, Зубовск кентінің ауданындағы Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.

Жалпы көлемі 29 000 текше метр мұз жарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарылыс жұмыстарын ұйымдастырудан бұрын жарылыс алаңы мен мұздың қалыңдығын ескере отырып, мұқият дайындық жүргізілді. Жарылыстың тиімділігі үшін жару жұмыстарын жүргізетін мамандар ұңғымалар арасындағы қажетті қашықтықты және қажетті жарылғыш заттардың мөлшерін қамтамасыз етті.

- Мұзды қопсыту мұз алқабын едәуір әлсіретуге және тасқын суларды өткізу кезеңінде өзендерде кептелістердің пайда болу мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив