KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да мұзды жару жұмыстары басталды

Фото: time.kz

6.03.2024, 19:08 111 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да мұз ұсақтау үшін арнайы профилактикалық жарылыс жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.

Бүгін Шемонаиха қаласында мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Уба өзені де су тасқыны қаупі бар учаскелер қатарына жатқызылған. Күн райы жылынған кезде мұз арналарды бөгеп, жағалауларды су басуы мүмкін, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Сол себепті құтқарушылар профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізіп, қауіптің алдын алады.

- Жарылыс жұмыстарын жүргізбес бұрын мамандар сол жерге барып, мұздың қалыңдығын өлшейді. Аталған жерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мұздың қалыңдығы шамамен 1 метрді құрады. Тұрғындарға алдын ала сирена арқылы ескерту жасалады. Көптірдегі көлік қозғалысы уақытша шектелді. Мұз жару жұмыстарымен 10 000 шаршы метрден астам аумақ қамтылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД мамандары өңірде көктемгі су тасқыны қаупі наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігіне дейін созылатынын атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив